Ақыссыз жедел телефон желісі:8-800-080-99-77

  • Нитроаммофоска

    Нитроаммофоска (НПК) — комплексное гранулированное минеральное удобрение, состоит из трех макроэлементов

    Упаковка: 50 КГ

    Субсидируется до 50%
    Бесплатный план питания

    О продукте

    Күрделі комплексті түйіршектелген минералды тыңайтқыш немесе Нитроаммофоска (НПК).

    Көлемі:

    Дәл қазір тапсырыс беру

    Тауар жайлы

    Күрделі комплексті тыңайтқыш немесе нитраммофоска (НПК)- комплексті түйіршіктелген минералды тыңайтқыш. Ең маңызды үш макроэлементтер: азот (N), фосфор (P) и калийден (K) құралған. Агрохомияда қысқаша атауы НПК/NPK.

    НПК – өсімдік өнімділігін арттыру арқылы топырақ құнарлылығын да жақсартады.  Нитрофоска құрамындағы әрбір элементтің өсімдік тіршілігіндегі рөлі зор. Нитрофоска тыңайтқышы тұқыммен бірге себу жұмыстарында, негізгі енгізуде барлық ауыл шаруашылық өсімдіктері үшін қолданылады. Тыңайтқыш құрамындағы элементтердің проценттік қатынасы әр түрлі болуы мүмкін. Нитрофосканың жаңартылған түрі-  құрамында тез сіңірілетін, айрықша пішінді микроэлементтері бар нитроаммофоска.

    Азот- өсімдіктің көк массасы дамуы үшін өте қажетті зат. Ол өсімдік жасушаларында бірнеше аса маңызды қызмет атқарады:

    • Ақуыз бен витаминдердің түзілуне
    • Бөгде заттардың ұлпаға еңуінен қорғау
    • Фотосинтез

     Фосфор-  энергиямен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар төмендегідей функциялары бар:

    • Өсіп-дамудың барлық процестерін жылдамдату;
    • Өсімдіктің тамыр жүейсін дамыту;
    • Генеративті мүшелердің пайда болуы
    • Төмен температураға адаптациясын жоғарылату.

     

    Калий –жасушалардың жаңартылуына қажет.  Өсімдік бойындағы шырынның концентрациясын реттейді.

    • Ылғалдылықты сақтайды және реттейді;
    • Құрғақшылық кезінде төзімділігін арттырады;
    • Мәдени дақылдардың пайдалы заттарының түзілуіне әсер етеді.

    Нитроаммофосканың басты қызметі топырақты өсімдікке қажетті заттармен қамтамасыз ету. «Агромарт»  қоймалар желісінде тұтынушылар назарына шетелдік және жергілікті тауар өндірушілердің күрделі комплексті тыңайтқыштары ұсынылған. Компанияның қызмекерлері топырақ көрсеткіштеріне сыйына отырып, дұрыс таңдау жасауға көмектеседі.

    Құрамындағы әр түрлі айыздық қатынастағы элементтер санмен белгіленеді. Азот, фосфор, калийден басқа күрделі тыңайтқыштар магний,кальций және күкіртпен толықтырылған.

    Азот-фосфор-калийлі тыңайтқыштар құрамындағы элементтер әр түрлі қатынаста болғанымен,бір-біріне кедергісіз әсер етеді. Күрделі тыңайтқыштың формуласын белгілі бір мәдени өсімдіктің талаптарына сәйкес өзгертеді.Мысалы: азоттық қоректендіруден кейін күрделі тыңайтқыштардың фосфор, калий концентрациясы жоғары маркасын таңдау керек.

    Өзінің міндетін дұрыс атқару үшін нитрофосканың сапасы қоршаған орта талптарына сай болуы тиіс. Біздің дүкендерден ең жоғары талаптарға сай тыңайтқыш түрлерін таба аласыздар. Нитроаммофосканы аса тиімді бағамен және де мемлекеттік субсидиялау бағдарламасы аясында сатып ала аласыздар.

    Нитроаммофосканың төмендегі маркаларын ұсынамыз:

    Азот N% Фосфор P% Калий K% Мезо және микроэлементтер
    1 15 15 15 +
    2 16 16 16 +
    3 18 18 18 +
    4 14 14 23 +
    5 10 26 26 +
    6 23 13 8 +
    7 16 16 8 +

    Қаптарда неме арнайы жұмсақ контейнерлерге қапталады.

    Тасымалдануы:  жабық автомобильді, темір жол және су көліктерімен тасымалданады.

    Сақталуы: Тыңайтқыштарды құрғақ және жабық қоймаларда сақтайды.

    Нитроаммофосканың қолданылуы:

    Комплексті тыңайтқыштар құрамына әр түрлі қатынастағы азот, фосфор, калий кіреді. Бұл элементтерді енгізу  арқылы өсімдікті басты элементтермен қамтамсыз  етеді. ҚР АШМ бекіткен нормалар бойынша Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарында НПК 52-56 кг/га шамасында беріледі. Ал, Жамбыл мен Алматы облыстарында 39-44 кг/га физикалық салмағында беріледі.

    «АГРОМАРТ» желісінде ұсынылған нитроаммофоска түрлері туралы толығырақ ақпаратты төмендегі телефон немесе кері қоңырауға форманы толтыру арқылы алуға болады.

    Остались вопросы?

    Оставьте свои контактные данные
    мы с вами свяжимся