Ақыссыз жедел телефон желісі:8-800-080-99-77

  • Карбамидті-аммиакты ерітінді

    Карбамидно-аммиачная смесь (КАС) – является наиболее распространенным и доступным по цене для казахстанских аграриев жидким азотным удобрением.

    Упаковка: Канистра 30 КГ, Сатушының Еврокубы, Сатып алушының канистрасына құйып беру

    Субсидируется до 50%
    Бесплатный план питания

    Хорошо сочетается с
    пестицидами в
    баковых смесях,
    особенно эффективен в
    засушливых зонах

    Не наносит вред
    окружающей среде

    Равномерно вносится
    и имеет длительное
    действие

    О продукте

    Карбамидті-аммиакты ерітінді (КАС) – қазақстандық ауыл шаруашылық өндірушілері арасында бағасы қол жетімді әрі кеңінен таралған сұйық азотты тыңайтқыш.

    КӨЛЕМІ:

    Тапсырыс беру

    Сұйық тыңайтқыштардың түйіршікті тыңайтқыштардан басты айырмашылығы оларды шашырату, енгізу тәсілдерінің тиімділігінде. КАС топырақ қабаттарында біркелкі таралуының арқасында қол күші жұмыстарын бірнеше есеге төмендетеді.

    Тыңайтқыштың 30% -карбамид, 40%- селитра және қалған 30%- су мен коррозияны баяулатқыш заттар құрайды.

    Карбамидті-аммиакты ерітіндідегі азоттың  жалпы сомасы  27 – 32% дейін жетеді. Соның ішінде азоттың үш формалы түрі кездеседі:

    • нитратты– өсімдік тамырымен аса тез сіңіріледі
    • аммонийлі – аз уақыттың ішінде сіңімді формаға ауысады
    • амидті– біріншіден аммонийлі содан нитрататты формаға ауысу процестерін бастан кешеді.

    Азоттың ауыспалы үш түрлі формада кездесуінің арқасында карбамидті-аммиакты ерітінді созылмалы эффектке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

    КАС-  Қазақстан нарығындағы барлық сұйық тыңайтқыштардың ішінде сатылым көлемі бойынша ең жоғары және бағасы бойынша ең қол жетімді тыңайтқыштың бірі. Сонымен қатар, тұттынушылар назары мен сенімділігіне ие болуының тағы бір себебі, ол КАСтың қату температурасы мен жоғары температуралар кезінде өзінің агрохимиялық қасиеттерін жоғалтпауында және де ерекше сақтау талаптарын қажет етпеуінде.

    Карбамидті-аммиакты ерітіндінің жалпы артылықшылықтары:

    • түйіршікті тыңайтқыштарға қарағанда, сұйық тыңайтқыштар біркелкі енгізіледі;
    • пестицидтермен бір ерітіндіде қолданудың арқасында ресурстарды экономдайды, сонымен қатар пестицидтердің эффективтілігін жоғарылатады;
    • КАС азотты жоғалту пайызы бойынша ең төменгі көрсеткішке ие. Булану немесе сулану 10 пайыздан аспайды, ал түйіршіктелген тыңайтқыштарда 50 пайызға дейін жетуі мүмкін;
    • Қоршаған ортаға залалы тимейді;
    • Құрғақшылық аймақтарында, фертигация үшін, тамыр түбі қоректендіру үшін аса тиімді.

    Карбамидті-аммиакты ерітіндінің нормасы (КАС) :

    Тыңайтқыштарды  көктемгі қоректендіру кезінде таза күйінде немесе ерітінді күйінде егсіпен бірге енгізеді. Вегетация периодына байланысты КАСтың сумен қатынасы 1:0, 1:3, 1:4  және т.с.с өзгереді. Бұл тыңайтқыш барлық ауыл шаруашылық дақылдарына келеді. Қазақстада КАС  картопта, майлы дақылдарда, күздік бидайда жаксы көрсеткіштер көрсетті. Түптену және түтіктену кезінде жапырақ бойынша шашырату жоғары өнімділікті көрсетеді.  Түптену кезінде КАСтың орташа мөлшері 20-30 л, түтіктену кезінде 10-12 л құрайды.

    КАСты күзде жерді жырту кезінде, көктемде егістікті себу алдында, сонымен қатар вегетацияның барлық сатыларында тамыр түбі қоректендіруі және жапыраққа шашу арқылы беріледі. Бұл тыңайтқыштың ауыл шаруашылық тыңайтқыштарының қоспасы ретіндегі болашағы зор. Себебі химиялық өңдеу мен азоттық қоректендіруді біріктіру арқылы жақсы экономиялық көрсеткіштерге қол жеткізуге болады. Мысалы: алдыңғы қатарлы дамыған елдерде глифосат мен КАС қоспасын қолдану күнделікті тәжірибеге айналған.

    КАС маркалары құрамындағы азоттың пайыздық көрсеткіштеріне байланысты бөлінеді. Біздің қоймалардан сіздер құрамында 32 пайыз азоты бар КАС 32 тыңайтқышын ала алсыздар.

    «АГРОМАРТ» желісінің барлық тауарлары Қазақстан Республикасында тіркелген, сондықтан отандық  тауарөндірушілер минералды тыңайтқыштарды 30% дейін субсидияланады.. Бізде тек қана КАСты сатып алмай, қосымша толық агрономиялық және техникалық кеңестерді ала аласыздар.

    Остались вопросы?

    Оставьте свои контактные данные
    мы с вами свяжимся