Ақыссыз жедел телефон желісі:8-800-080-99-77

  • Аммофос

    Аммофосты "АГРОМАРТ" қоймаларынан сатып алу ең тиімді жолдардың бірі болып табылады. Себебі, "АГРОМАРТ" қоймасында субсидияланған баға бойынша аммофос сатылады.

    Упаковка: 50 КГ

    Субсидируется
    Бесплатный план питания

    Способствует увеличению
    продуктивности культур

    Развивает
    сильную корневую
    систему

    Улучшает качество
    продукции,
    увеличивает срок
    хранения продукции

    О продукте

    Ресей шығаратын аммофосты мемлекеттік субсидиялау бағдарламасы бойынша біздің дүкендерден алған ең тиімді. Аммофос ауыл шаруашылық өсімдіктерін өсіруде универсалды, әрі тиімділігі жоғары минералды тыңайтқыш ретінде  агрохимия нарығында өз орның берік бекітті.

    Химиялық формуласы: (NH4H2PO4 + (NH4)2HPO4) қосындысы

    Түрі: ақшыл сұр түсті суда ерігіш түйіршіктер

    Қолданылуы: ауыл шаруашылығында концентрациясы жоғары, түйіршіктелген, азот-фосфорлы тыңайтқыш ретінде қолданылады.

    Қаптама: Полипропиленді, полиэтиленді 50 кг ± 2%. қаптар.

    Тасымалдануы: жабық барлық көлік түрлерімен,

    Сақталуы: жабық қоймаларда

    Физика-химиялық көресеткіштер:

      Атауы Мөлшер
    1  Сіңімді фосфаттардың массалық үлесі % 46±1
    2  Жалпы азоттың массалық үлесі(N), % 10±1
    3  Судың массалық үлесі, %, көп емес 1,0
    4  Гранулометриялық құрамы, 0,5 кем  мөлшерлі гранулалардың массалық үлесі %

    0,5-4 мм, %, кем емес

    6 мм кем, %

    5

    90

    100

    5  Түіршіктерді статистикалық күші, МПа (кгс/см2), кем емес 3,0 (30)
    6  Сусымалығы, % 100
    7  Радионуклидтердің табиғи енгішілік активтілігі кБк/кг, артық емес 4

    Аммофос тыңайтқышы

    Кез келген өсімдіктің  өнімділігін арттыру үшін фосфор қажет. Ол өсімдік бойындағы барлық тіршілік процестерінің генераторы қызметін атқарады. Фосфор жетіспеушілігі тұқым мен жемістердің дамуының тежелуіне және азоттың нашар сіңірілуіне әкеп соқтырады.

    Аммофос топырақ құрамындағы азот пен фосфор қорын қалпына келтіреді. Ауыл шаруашылығында  аммофосты  тұқым  егу алдында, тұқыммен бірге басты қореқтік зат ретінде,  қосымша қоректендіру үшін қатарарлықтарға себу арқылы қолдануға болады.

    Құрамы мен ерекшеліктері

    Концентрацияланған аммофос  массасында 46% суда ерігіш фосфаттар және 9 % аммонийлі азот бар. Тыңайтқыштың оптималды құрамы өнімділкті мәдени дақылдардың тамыр жүесінің дұрыс дамуын қамтамасыз ету арқылы арттырады.

    Тамыр жүйесінің дұрыс дамуы  өсімдіктің толыққанды қоректенуін, жапырақтардың жемістердің және сабақтардыңқалыпты дамуын жақсартады. Сонымен қатар, азот-фосфорлы тыңайтқыштар  өсімдіктің қолайсыз факторларға ( су жетіспеушілігіне, ауа-райы температурасының қалыпсыздануына, әр түрлі ауруларға және т.б)  төзімділігн жоғарылатады.

    Аммостың құрамындағы фосфордың азоттан 4 есе артық болуына байланысты азотты және калийлі тыңайтқыштармен қоректендіру кезінде оптимизациялау қажет.Минералды тыңайтқыштардың тепе-теңділігіне қажетті мөлшерлі минералды тыңайтқыштарды араластырып, қоспа дайындау арқылы, немесе вегетация барында қосымша қоректендіру арқылы қол жеткузе болады. Соңғы әдістің процесі механикалық болғандықтан, біздің мемлекетте ең танымал әдістердің бірі.  Заманауи машиналар тұқымды фосфорлы тыңайтқыштармен бірге себеді де, ары қарай тек азотты қоректендіру жүргізіледі.

    Бізідң дүкендерден ең үздік тауар өндірушілерінің әр түрлі маркалы фосфор тыңайтқыштарын кез келген мөлшерде сатып алуға болады. Тауар сертификатталған. «Агромарт» желісі мен тауар өндірушілердің жүйеленген жұмысының арқасында Қазақстанның көптеген қалаларында қалаларында («Контакты» бөлімін қараңыз) орналасқан қоймалардан әрқашан уақыттылы, әрі үнемді  бағамен сатып алуға болады. Сонымен қатар, мемлекеттік субсидиялау бағдарламасы аясында  50 %-ға жеңілдетілген, максималды төмен бағамен сатып алуға да болады. Компанияның тәжірибелі мамандары субсидияға  құжаттарды даярлаудан бастап, өсімдіктерді  қоректендіру жоспарын құрастыруға дейінгі қызметтерін ұсынады. Бізбем хабарласу үшін сайт парақшасында қоңыруға өтініш қалдыру арқылы немесе төмендегі телефондар бойынша хабарласуға болады.

    Аммофостың мөлшері

    Өсімдіктерді қажетті фосфор мөлшерімен қамтамасыз ету үшін аммофос, суперфосфат және т.б. сияқты минералды тыңайтқыштарды қолданады.

    Аммофос- (N-10-12%, P- 46- 52%) –фосфорлы тыңайтқыштар нарығында  ең көп таралған түрі.

    Жыл сайын ҚР Ауыл Шаруашылық Министрлігі минералды тыңайтқыштарды енгізу нормаларын бекітеді. Мысалы: Алматы, Талдықорған қалалары және Алматы облысындағы шаруа қожалықтары үшін аммофостың нормалары жаздық дақылдар үшін-80-130 кг/га, күздік дақылдар ұшін-150-200 кг/га, күнбағысқа-80-140кг/га, жүгері 120-150 кг/га, қант қызылшасына 120-400 кг/га, күрішке 150-200 кг/га нормалары бекітілген.

    Ақмола обысында және Көкшетау қаласында амофос нормасы жаздық дақылдарға 45-265 кг/га, қарақұмық, сұлы және басқаларына 38-75 кг.

    Ал, Қарағанды облысында аммофос жаздық бидай, арпа, сұлы, қарақұмыққа 31-36 кг, күздік арпа мен қарабидайға 34-40 кг беріледі.

    Павлодар облысында жаздық бидай, қарақұмық және қарабидай үшін 39-45 кг/га, жаздық арпа мен тары үшін 34-39 кг/га нормалары бекітілген.

    Остались вопросы?

    Оставьте свои контактные данные
    мы с вами свяжимся