Карбамидно-аммиачная смесь (КАС) – является наиболее распространенным и доступным по цене для казахстанских аграриев жидким азотным удобрением.
Упаковка: Канистра 30 КГ, Сатушының Еврокубы, Сатып алушының канистрасына құйып беру
Субсидируется до 50%
Бесплатный план питания
Хорошо сочетается с
пестицидами в
баковых смесях,
особенно эффективен в
засушливых зонах
Не наносит вред
окружающей среде
Равномерно вносится
и имеет длительное
действие
Карбамидті-аммиакты ерітінді (КАС) – қазақстандық ауыл шаруашылық өндірушілері арасында бағасы қол жетімді әрі кеңінен таралған сұйық азотты тыңайтқыш.
КӨЛЕМІ:
Тапсырыс беру
Сұйық тыңайтқыштардың түйіршікті тыңайтқыштардан басты айырмашылығы оларды шашырату, енгізу тәсілдерінің тиімділігінде. КАС топырақ қабаттарында біркелкі таралуының арқасында қол күші жұмыстарын бірнеше есеге төмендетеді.
Тыңайтқыштың 30% -карбамид, 40%- селитра және қалған 30%- су мен коррозияны баяулатқыш заттар құрайды.
Карбамидті-аммиакты ерітіндідегі азоттың жалпы сомасы 27 – 32% дейін жетеді. Соның ішінде азоттың үш формалы түрі кездеседі:
Азоттың ауыспалы үш түрлі формада кездесуінің арқасында карбамидті-аммиакты ерітінді созылмалы эффектке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
КАС- Қазақстан нарығындағы барлық сұйық тыңайтқыштардың ішінде сатылым көлемі бойынша ең жоғары және бағасы бойынша ең қол жетімді тыңайтқыштың бірі. Сонымен қатар, тұттынушылар назары мен сенімділігіне ие болуының тағы бір себебі, ол КАСтың қату температурасы мен жоғары температуралар кезінде өзінің агрохимиялық қасиеттерін жоғалтпауында және де ерекше сақтау талаптарын қажет етпеуінде.
Карбамидті-аммиакты ерітіндінің жалпы артылықшылықтары:
Тыңайтқыштарды көктемгі қоректендіру кезінде таза күйінде немесе ерітінді күйінде егсіпен бірге енгізеді. Вегетация периодына байланысты КАСтың сумен қатынасы 1:0, 1:3, 1:4 және т.с.с өзгереді. Бұл тыңайтқыш барлық ауыл шаруашылық дақылдарына келеді. Қазақстада КАС картопта, майлы дақылдарда, күздік бидайда жаксы көрсеткіштер көрсетті. Түптену және түтіктену кезінде жапырақ бойынша шашырату жоғары өнімділікті көрсетеді. Түптену кезінде КАСтың орташа мөлшері 20-30 л, түтіктену кезінде 10-12 л құрайды.
КАСты күзде жерді жырту кезінде, көктемде егістікті себу алдында, сонымен қатар вегетацияның барлық сатыларында тамыр түбі қоректендіруі және жапыраққа шашу арқылы беріледі. Бұл тыңайтқыштың ауыл шаруашылық тыңайтқыштарының қоспасы ретіндегі болашағы зор. Себебі химиялық өңдеу мен азоттық қоректендіруді біріктіру арқылы жақсы экономиялық көрсеткіштерге қол жеткізуге болады. Мысалы: алдыңғы қатарлы дамыған елдерде глифосат мен КАС қоспасын қолдану күнделікті тәжірибеге айналған.
КАС маркалары құрамындағы азоттың пайыздық көрсеткіштеріне байланысты бөлінеді. Біздің қоймалардан сіздер құрамында 32 пайыз азоты бар КАС 32 тыңайтқышын ала алсыздар.
«АГРОМАРТ» желісінің барлық тауарлары Қазақстан Республикасында тіркелген, сондықтан отандық тауарөндірушілер минералды тыңайтқыштарды 30% дейін субсидияланады.. Бізде тек қана КАСты сатып алмай, қосымша толық агрономиялық және техникалық кеңестерді ала аласыздар.
Оставьте свои контактные данные
мы с вами свяжимся
Агромарт. Барлық құқықтар қорғалған. 2022 ©