Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларына 1-қосымша - Нысан
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 107 бұйрығымен
бекітілді
1. Осы Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік субсидияларды (бұдан әрі – субсидиялар) тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде беру және мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) алқаптың кадастрлық нөмірі – көпжылдық екпелері бар учаскеге арналған, оның орналасқан жерін айқындау (сәйкестендіру) үшін субсидиялаудың ақпараттық жүйесі беретін бірегей код;
2) бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары – гетерозис нәтижесінде ең үздік ата-енелік нысаннан шығымдылығы немесе өзге де көрсеткіштері бойынша асып түсетін бірінші ұрпақта будандық өсімдік беретін генетикалық айырмашылығы бар ата-енелік нысандарды будандастырудан алынған жүгері, қант қызылшасы, рапс, күнбағыс, мақта немесе құмай тұқымдары;
3) жеке шот – субсидиялауға арналған өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тізілімдегі жазбалар жиынтығы;
4) көпжылдық екпелердің электрондық картасы – бұрылыс нүктелерінің координаталарын және жерді қашықтықтан зондтау спутниктерінен алынған деректерді қамтитын, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінде орналасқан алқап туралы ақпарат;
5) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – Басқарма) айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және иесі ретінде оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
7) пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) отандық өндіруші (бұдан әрі – пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) өндіруші) – Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) өндіруді жүзеге асыратын және биоагенттерді (энтомофагтарды) және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген пестицидтерді өткізуді жүзеге асыратын арнайы жарақтандырылған өндірістік үй-жайлары, биозертханалары, биофабрикалары бар дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
8) өтінімдер:
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің (бұдан әрі – ауылшартауарынөндіруші) немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің (бұдан әрі – ауылшаркооперативі) басым дақылдар өндiру шығындарын ішінара өтеу үшін;
бірегей тұқым өндіруші (бұдан әрі – оригинатор) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарынан алынған көшет материалын (телітушілер, жертаған жапырақтар, балақ шыбықтар және қалемшелер) өндіруге жұмсалған шығындарды ішінара өтеу үшін
элиталық тұқым өсіру шаруашылығының (бұдан әрі – элиттұқымшар) нақты сатып алыған бірегей тұқымдары үшін;
тұқым өсіру шаруашылығының (бұдан әрі – тұқымшар), ауылшартауарөндірушінің немесе ауылшаркооперативінің нақты сатып алынған элиталық тұқымдары үшін;
ауылшартауарөндірушінің немесе ауылшаркооперативінің нақты сатып алынған бірінші репродукция тұқымдары, бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары, мақтаның екінші репродукция тұқымдары және (немесе) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттері (бұдан әрі – элиталық көшеттер) үшін;
ауылшартауарынөндірушінің немесе ауылшаркооперативінің толық құнымен сатып алынған тыңайтқыштар үшін;
ауылшартауарынөндірушінің немесе ауылшаркооперативінің толық құнымен сатып алынған пестицидтері, биоагенттер (энтомофагтар) үшін субсидия алуға арналған электрондық өтінімдері;
9) өтпелі өтінімдер:
элиттұқымшардың, тұқымшардың немесе тұқым өткізушінің (бұдан әрі – өткізуші) ауылшартауарөндіруші немесе ауылшаркооперативі арзандатылған құнмен сатып алған субсидияланатын тұқымдар үшін;
тыңайтқыштар өндірушінің ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) арзандатылған құны бойынша сатып алған тыңайтқыштар үшін;
пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) өндірушінің ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) арзандатылған құнмен сатып алған пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) үшін субсидия алуға арналған электрондық өтінімдері;
10) пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) жеткізуші – биоагенттерді (энтомофагтарды) және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тіркелген инсектицидтер, фунгицидтер, гербицидтер мен биопрепараттарды өндіруді (формуляциялауды) және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
11) пестицидтердің, биоагенттердiң (энтофагтардың) ең төменгі құны – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) баға ұсыныстарын талдау жолымен айқындайтын Қазақстан Республикасы аумағында қалыптасқан пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) ең төменгі бағасы, сондай-ақ субсидия нормасын белгілеу үшін мемлекеттік органдардан алынған ақпарат;
12) пестицидтерді қолдану регламентi – пестицидтердi қолдану шарттары мен тәртiбiне қойылатын талаптар;
13) отандық тыңайтқыштарды өндіруші (бұдан әрі – тыңайтқыштарды өндіруші) – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, Қазақстан Республикасында тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өндіруді жүзеге асыратын және оларды тіркеген жеке немесе заңды тұлға;
14) субсидияланатын тұқымдар – бірегей тұқымдар, элиталық тұқымдар, бірінші репродукция тұқымдары, екінші репродукциялы мақта тұқымдары, бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары немесе элиталық көшеттер;
15) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
16) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге, субсидия алуға арналған өтінімді (өтпелі өтінімді) тіркеуге, сондай-ақ өтінімді (өтпелі өтінімді) субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оларды өңдеуге арналған, «электрондық үкіметтің» веб-порталы мен аграрлық ахуалдық орталықпен өзара іс-қимыл жасасуға мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылған-реттелген жиынтығы;
17) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне кіруге мүмкіндік беретін Интернет желісінде орналасқан интернет-ресурс;
18) танаптың кадастрлық нөмірі – танаптың орналасқан жерін анықтауға (идентификациялауға) арналған субсидиялаудың ақпараттық жүйесі беретін оның бірегей коды;
19) танаптың электрондық картасы – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінде орналасқан, бұрылыс нүктелерінің координаттарын, соңғы бес жылдағы ауыспалы егіс жайлы ақпаратты және жерді қашықтықтан зондтаудың спутниктерінен алынған деректерді қамтитын танап туралы ақпарат;
20) тыңайтқыштарды жеткізуші – тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өткізуді жүзеге асыратын, оларды тіркеген жеке немесе заңды тұлға;
21) тыңайтқыштарды сатушы – тыңайтқыштарды өндіруші, тыңайтқыштарды жеткізуші немесе шетелдік тыңайтқыштар өндіруші;
22) тыңайтқыштардың ең төменгі нарықтық құны – тыңайтқыштарға субсидия нормаларын белгілеу үшін олардың бағаларына талдау жүргізу жолымен ЖАО айқындайтын, тиісті жылға арналған тиісті тыңайтқыш түрлері бойынша қалыптасқан тыңайтқыштардың ең төмен нарықтық құны;
23) шетелдік тыңайтқыштарды өндіруші – шетелдік өндіріс тыңайтқыштарын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) тіркеген Қазақстан Республикасының бейрезиденті;
24) электрондық агрохимиялық картограмма – танап топырағының өсімдіктер үшін сіңімді қоректік элементтермен – қарашірікпен, макро және микроэлементтермен қамтамасыз етілуі дәрежесін түсті бейнеде көрсететін, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі немесе сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес топырақтың агрохимиялық талдауларын жүргізуге аккредиттелген зертхана (орталық) берген картографиялық ақпарат;
25) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
26) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
3. Субсидиялар оригинаторларға, элиттұқымшарларға, тұқымшарларға, өткізушілерге, ауылшартауарынөндірушілерге немесе ауылшаркооперативтеріне жыл сайын осы Қағидаларда белгiленген тәртiпке сәйкес мынадай бағыттар бойынша беріледі:
1) басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық көшеттер өндiруді дамыту;
2) тұқым шаруашылығын дамыту;
3) тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арзандату;
4) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантиндік объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын арзандату.
4. Қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстық бюджетте, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жылға арналған бюджетінде көзделген қаражат шегінде осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген бағыттарға сәйкес ЖАО қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
5. ЖАО қаулысымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) келісуі бойынша мыналар бекітіледі:
1) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша субсидиялар көлемдері;
2) басым дақылдардың тiзбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормалары;
3) тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормалары (бұдан әрі – тыңайтқыштарға арналған субсидиялар тізбесі мен нормалары);
4) субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормалары (бұдан әрі – пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар тізбесі мен нормалары).
Бұл ретте, бұрын қабылданған ЖАО-ның 2020 жылға арналған қаулылары осы Қағидаларды іске асыруға арналған ЖАО қаулылары қабылдағанға дейін қолданыста болады.
6. Облыстар әкімдері субсидиялаудың бекітілген көлемі шегінде бөлінген қаражатты осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша қайта бөледі.
7. Басқарма субсидиялаудың тиісті бағыттары бойынша айларға бөлінген жеке қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оларды ЖАО-ның тиісті интернет-ресурсында және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде орналастырады.
8. Субсидиялар көлемі тиісті айға арналған Қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемінен асатын өтінімдер (өтпелі өтінімдер) бойынша субсидияларды төлеу келесі айда өтінім берілген сәттен бастап кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
Өтінім берілген субсидиялар көлемі тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша жергілікті бюджетте көзделген сомалардан асып кеткен жағдайда, жергілікті бюджеттен қосымша қаражат Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті бюджетті бекіту туралы мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу жолымен бөлінеді.
9. Жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген бюджеттік қаражат толық игерілген және қосымша қаражат болмаған жағдайда, өтінімдерді қабылдау тоқтатылады.
10. ЖАО тиiстi жылдың 30 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде Министрлікке осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша субсидиялаудың ақпараттық жүйесінен жүктелген субсидияны пайдалану туралы жиынтық ақпарат ұсынады.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша субсидиялар алуға қойылатын негізгі талаптар тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары нысанында 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес баяндалған.
ЖАО Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес субсидия алу сатысы туралы дерекетерді мемлекеттік қызмет көрсету мониторингтің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
12. Субсидиялар беруде бас тарту мынадай негіздер бойынша қабылданады:
1) оригинатордың, элиттұқымшардың, тұқымшардың, өткізушінің, ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) субсидиялар алу үшін ұсынылған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) оригинатордың, элиттұқымшардың, тұқымшардың, өткізушінің, ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) және (немесе) осы Қағидаларда белгіленген субсидиялар алу үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі.
13. Субсидия беру үшін қажетті мәліметтерді қамтыған ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, ЖАО туындаған ахуал туралы оны жоюға кірісетін субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін көрсетілетін қызметті жеткізушіні дереу хабардар етеді.
Бұл ретте, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші туындаған істен шығуды жою жөніндегі жұмысты жүргізгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған ЖАО қол қояды.
14. Басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормалары, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі (бұдан әрі – тізбе, субсидиялар көлемі мен нормалары) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен Министрлікке мақұлдауға тиісті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей беріледі.
Тізбені, субсидиялар көлемі мен нормаларын Министрлікке мақұлдауға берген кезде, субсидиялардың белгіленген нормасын негіздейтін (ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында аккредиттелген және Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын аграрлық бейіндегі ғылыми ұйымдармен келісілген әрбір субсидияланатын дақыл бойынша шығындар есептемелері), сондай-ақ тізбенің, субсидиялар көлемі мен нормаларының облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кәсіпкерлер палатасымен және қоғамдық кеңесімен келісілгенін растайтын құжаттар қоса беріледі.
Министрлік оң шешім шығарған жағдайда, он жұмыс күні ішінде тізбені, субсидиялар көлемі мен нормаларын тиісті ілеспе хатпен кері қайтарады немесе теріс шешім шығарған жағдайда, тізбені, субсидиялар көлемі мен нормаларын пысықтауға жолдайды. ЖАО-ның пысықтау мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.
Тізбе, субсидиялар көлемі мен нормалары ЖАО-ның қаулысымен тиісті жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі және үш жұмыс күні ішінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде және тиісті ЖАО-ның интернет-ресурсында орналастырылады.
Тізбеге, субсидиялар көлемі мен нормаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы тармақтың бірінші-төртінші бөлімдерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте, субсидиялау көлемі азайтылған жағдайда, ЖАО негіздеме бере отырып, Министрлікке мақұлдауға жолдайды.
15. Субсидиялар ауылшартауарынөндірушілерге немесе ауылшаркооперативтеріне жыл сайын осы Қағидаларда белгiленген тәртiпке сәйкес:
ағымдағы жылы дәндік жүгеріні және қант қызылшасын өндіруге жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге;
қант қызылшасы бойынша – өткен жылғы желтоқсанда тапсырылған өнім шығындарын ішінара өтеуге;
дәндік жүгері, күріш және мақта бойынша 2019 жылғы төртінші тоқсанда өткізілген (тапсырылған) өнім шығындарын ішінара өтеуге бөлінеді.
16. Субсидиялар ЖАО-ның қаулысымен бекітілген субсидиялар нормалары бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша 1 тоннаға төленеді.
17. Субсидияларды төлеу мынадай шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады:
1) ауылшартауарынөндіруші және (немесе) ауылшаркооперативі «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдар өндіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға өтінім беруі;
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы мен веб-порталдың ақпараттық өзара іс-қимылы «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Ақпараттандыру туралы заң) 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;
2) ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) берген және ЭЦҚ-мен қол қойылған өтінім субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелуі.
Ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоты болса, ол субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтінімді өз бетінше тіркеуді жүзеге асырады, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол осылай тіркелген сәттен бастап берілген болып есептеледі.
3) ауылшартауарынөндірушіде (ауылшаркооперативінде) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің «Заңды тұлғалар» немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған жеке шотының болуы;
4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің шекаралары шегінде орналасқан танаптарда басым ауыл шаруашылығы дақылдарының себілген, ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiмен және «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқорымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған құқығы (жер пайдалану немесе жеке меншік) болуы;
Ауылшаркооперативінде жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері болмаған жағдайда, ауылшаркооперативі ауылшаркооперативінің мүшелері болып табылатын ауылшартауарынөндірушілердің субсидия алуына өтінім береді. Бұл ретте, ауылшартауарынөндірушілер субсидия алушылар болып табылады.
Мүшелеріне жер учаскелері тіркелген ауылшаркооперативі мынадай жағдайларда субсидия алуға өтінім бере алады:
өнімді өңдеуге ауылшаркооперативінің мүшелері тапсырған жағдайда, бұл ретте ауылшаркооперативі мүшелері субсидия алушылар болып табылады;
өнімді өңдеуге ауылшаркооперативі тапсырған жағдайда, бұл ретте ауылшаркооперативі субсидия алушы болып табылады.
Бұл ретте, ауылшаркооперативіне мүшелік ауылшаркооперативі мүшелері жалпы жиналысының ауылшаркооперативі мүшелігіне қабылдау туралы шешімінен алынған үзіндінің электрондық көшірмесін өтінімге тіркеу жолымен расталады.
Бірлескен кәсіпкерлік түрінде ұйымдасқан, мүшелеріне жер учаскелері тіркелген шаруа немесе фермерлік қожалықтар, өнімді өңдеуге шаруа немесе фермерлік қожалықтар тапсырған жағдайда, субсидияға өтінім бере алады, бұл ретте шаруа және фермерлік қожалық субсидия алушы болып табылады.
Шаруа немесе фермерлік қожалыққа мүшелік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің деректерімен салыстырып-тексеру жолымен расталады.
5) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде танаптардың электрондық карталарының қалыптастырылуы;
6) жерді қашықтықтан зондтау деректерімен расталған (басым дақылдарды себу жүзеге асырылған электрондық танаптар бойынша) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ауыспалы егіс туралы мәліметтердің болуы;
7) дәндік жүгері бойынша – өңдеуші кәсіпорынға өңдеуге тапсырылған дәндік жүгерінің 1 тоннасына 100%;
8) күріш бойынша – өңдеуші кәсіпорынға өңдеуге тапсырылған не өзінің өңдеуші құрылымдарына өңдеуге берілген күріштің 1 тоннасына 100%;
9) қант қызылшасы (фабрикалық) бойынша – қант зауытына өңдеуге тапсырылған не өзінің өңдеуші кәсіпорындарына өңдеуге берілген қант қызылшасының 1 тоннасына 100 %;
10) мақта бойынша – мақта өңдеу зауытына өңдеуге тапсырылған не мақта өңдеу зауытына өңдеуге тапсыруды жүзеге асыратын мақта дайындаушы ұйымдарға өткізілген шитті мақтаның 1 тоннасына 100%;
11) ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) басым дақылдарды өткізу фактісін субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу бойынша ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде растауы.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде қант қызылшасын өндіруді өздігінен жүзеге асыратын және аталған өнімді өңдеуді өздігінен жүзеге асыратын қант зауыттары үшін өткізу фактісін растау талап етілмейді.
Шикізатты өңдеуге берген күріш тапсырушылар үшін өткізу фактісін растау талап етілмейді. Бұл жағдайда, өңдеуші кәсіпорынның көрсетілген қызметтеріне ақы төленгенін растайтын құжаттарды беру растау болып табылады.
Бұл ретте, субсидиялар алуға пайдаланылған электрондық шот-фактураларды кері қайтарып алуға, жоюға және түзетуге жол берілмейді.
18. Өнімнің 1 тоннасына субсидиялар алу үшін ауылшартауарынөндірушілер және (немесе) ауылшаркооперативтері өтінімде қосымша:
өңдеуші кәсіпорынмен жасалған ауыл шаруашылығы өнімін тапсыру туралы және мақта дайындаушы ұйыммен жасалған ауыл шаруашылығы өнімін өткізу туралы шарттардың;
ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) мен өңдеуші кәсіпорын не ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) мен мақта дайындаушы ұйым арасында ауыл шаруашылығы өнімінің берілгенін растайтын құжаттардың және (немесе) өңдеуші кәсіпорынның шеккен шығындарын (өтінім беру сәтіне) растайтын төлем құжаттарының;
ауыл шаруашылығы өнімін өзінің өңдеуші кәсіпорындарында өңдеген кезде өңдеуші кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері арасында ауыл шаруашылығы өнімінің берілгенін растайтын, олардың басшылары қол қойған құжаттың бар-жоғына қатысты мәліметтерді көрсетеді.
19. Субсидиялар ауылшартауарынөндіруші және (немесе) ауылшаркооперативі растаған өңдеуге өткізілген (тапсырылған), субсидиялауға жататын ауыл шаруашылығы өнімнің көлемдерінен және ЖАО-ның қаулысымен бекітілген субсидиялар нормаларынан мынадай формула бойынша есептеледі:
С = З х Нс, мұндағы:
С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;
З – өңдеуге өткізілген (тапсырылған) ауыл шаруашылығы өнімінің расталған көлемі, тонна;
Нс – қосылған құн салығынсыз субсидиялар нормасы, теңге.
20. Өтінімдерді қарау жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тиісті жылдың 1 ақпанынан бастап 20 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады.
21. Жеке кабинеттегі тізілім деректеріне қолжетімділік берілу үшін:
1) ауылшартауарынөндірушілерде (ауылшаркооперативтерінде) ЭЦҚ болуы тиіс;
2) Басқарма, Министрлік жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзектендірілген тізімін жібереді.
Субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімдік Министрлікке онлайн-режимде өтеусіз негізде беріледі.
22. Жеке кабинетте тіркелу үшін ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі;
2) заңды тұлғалар және және бiрлескен кәсiпкерлiк нысанындағы дара кәсіпкерлер үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі ( бұдан әрі – БСН), толық атауы; бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса) тегі және ЖСН;
3) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);
4) екінші деңгейдегі банктің немесе почтаның ұлттық операторының ағымдағы шотының деректері.
Жоғарыда көрсетілген деректерді өзгерткен кезде ауылшартауарынөндіруші және (немесе) ауылшаркооперативі бір жұмыс күн ішінде Жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.
23. Өтінімді қалыптастыру және тіркеу мынадай тәртіппен Жеке кабинетте жүргізіледі:
1) осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген талаптарды субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен тексеруге қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім қалыптастырылады;
2) өтінім субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде оған ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) ЭЦҚ-сымен қол қою жолымен тіркеледі және Басқарманың Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Басқарманың электрондық мекенжайына қарауға өтінім келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.
24. Басқарма өтінімді тіркеген сәттен бастап бір жұмыс күнi iшiнде ЭЦҚ-ны пайдаланып тиісті хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды немесе теріс шешім шығарады. Бұл ретте, өтінімді растау туралы хабарлама не уәжді бас тарту электрондық құжат нысанында ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі Жеке кабинетіне жолданады.
25. Басқарма Қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидия төлеуге арналған төлем шотын осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес өтінімді қабылдағанын Басқарма растағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде қалыптастырады.
Бұл ретте, субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама электрондық құжат нысанында ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) Жеке кабинетіне жолданады.
26. Көпжылдық екпелер өндірісін субсидиялау жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелері аналықтарынан алынған отырғызу материалын (телітушілер, жертаған жапырақтар, балақ шыбықтар және қалемшелер) (бұдан әрі – отырғызу материалы) өндіруге арналған шығындарды ішінара (50%) өтеу жолымен жүзеге асырылады.
27. Отырғызу материалын өндіруге арналған субсидиялар мынадай шарттар сақталған жағдайда төленеді:
1) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің отырғызу материалын өндіруге жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге субсидиялар алуға өтінім беру.
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы мен веб-порталдың ақпараттық өзара іс-қимылы Ақпараттандыру туралы заңның 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;
2) оригинатор берген өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу;
3) оригинатордың субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің «Заңды тұлғалар» немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорларымен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған жеке шотының болуы;
4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен ЭШФ АЖ-ның ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде нақты өткізілген отырғызу материалы үшін оригинатордың жұмсалған шығындарын растау.
Бұл ретте субсидия алу үшін электрондық шот-фактураларды кері қайтаруға, жоюға және түзетуге жол берілмейді;
5) оригинаторда субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен және «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқорымен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған, тиісті алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы.
Шаруа немесе фермер қожалығы нысанында құрылған, жер учаскелері мүшелерінің атына тіркелген оригинатор өтінім берген жағдайда, жер учаскелерінің бар екенін жер учаскелеріне арналған құқық белгілеу және сәйкестендіру құжаттарымен растауға жол беріледі, олардың сканерленген электрондық көшірмелері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде орналастырылады;
6) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көпжылдық екпелердің электрондық карталарын тіркеу.
28. Отырғызу материалын өндіруге арналған субсидиялар оригинаторларға мынадай формула бойынша төленеді:
С = М х Н
мұнда:
C – субсидия мөлшері, теңге;
М – өткізілген отырғызу материалының саны, дана;
Н – осы Қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің отырғызу материалын өндіруге арналған субсидиялар нормативі (бұдан әрі – субсидиялар нормативі), теңге.
Бұл ретте есептеу үшін нақты өткізу бағасы не субсидиялар нормативі қолданылады.
Отырғызу материалдың нақты құны субсидиялар нормативі есептелген құннан төмен болған жағдайда, субсидияларды есептеу осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген субсидиялар көлемдерін есепке ала отырып олардың нақты құнынан жүргізіледі.
Тұқымдардың нақты құны субсидиялар нормативі есептелген құннан жоғары болған жағдайда, субсидия субсидиялар нормативіне тең болады.
29. Өтінімдерді қабылдау оригинатордың жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тиісті жылдың 1 ақпанынан 1 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады.
30. Тізілімнің деректеріне қолжетімділік беру үшін Жеке кабинетте:
1) оригинаторлар ЭЦҚ-сы болуы тиіс;
2) Басқарма және Министрлік көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге жыл сайын ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзектендірілген тізімдерін жолдайды.
Субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімдік Министрлікке онлайн-режимде өтеусіз негізде беріледі.
31. Оригинатор Жеке кабинетте тіркелу үшін мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер үшін: ЖСН, аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі;
2) заңды тұлғалар және бiрлескен кәсiпкерлiк нысанындағы дара кәсіпкерлер үшін: БСН (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның), заңды тұлғада БСН болмаған жағдайда, шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің БСН-сы, толық атауы, бірінші басшысының немесе Жеке кабинетте тіркеуге уәкілетті адамның аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі және ЖСН-сы;
3) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);
4) екінші деңгейдегі банктің немесе ұлттық почта операторының ағымдағы шотының деректемелері.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, оригинатор бір жұмыс күні ішінде Жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.
32. Өтінімді қалыптастыру және тіркеу Жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) осы Қағидалардың 27-тармағы 3), 4), 5) және 6) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен тексеру үшін оған қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім қалыптастырылады;
2) өтінім субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде оригинатордың ЭЦҚ-сымен қол қою арқылы тіркеледі және Басқарманың Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Басқарманың электрондық мекенжайына қарауға өтінім келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.
33. Егер Басқарма төлеуге арналған төлем шоттарын қалыптастырған сәтке дейін тіркелген өтінімде деректер сәйкессіздігінің бар екені анықталса, оригинатор себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алады.
34. Басқарма өтінім тіркелген сәттен бастап бір жұмыс күнi iшiнде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тиісті хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды не теріс шешім шығарады. Бұл ретте, өтінім расталу туралы хабарлама не осы ұсынудан уәжді бас тарту субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде электрондық құжат нысанында оригинатордың Жеке кабинетіне жіберіледі.
35. Басқарма Қаржыландыру жоспарына сәйкес «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидияларды төлеуге арналған төлем шотын осы Қағидалардың 34-тармағына сәйкес Басқарма өтінімді қабылдағанын растағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде қалыптастырады.
Бұл ретте, субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама электрондық құжат нысанында оригинатордың Жеке кабинетіне жіберіледі
36. Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша (бұдан әрі – тұқымдарға арналған субсидиялар көлемі) осы Қағидалар 2020 жылы қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде және жыл сайын тиісті жылдың 10 қаңтарына дейін тиісті негіздемемен және есеппен облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен Министрлікке қарауға беріледі.
37. Министрлік тұқымдарға арналған субсидиялар көлемін тұқым шаруашылығы саласындағы заңнама нормаларына сәйкес тұрғысынан қарайды.
38. Оң шешім қабылданған жағдайда Министрлік екі жұмыс күні ішінде тиісті ілеспе хатпен тұқымға субсидиялар көлемін қайтарады. Теріс шешім қабылданған жағдайда Министрлік тұқымға субсидиялар көлемін мақұлдаудан дәлелді бас тарту хатымен қайтарады. Бұл ретте тұқымға арналған субсидиялардың пысықталған көлемі бес жұмыс күні ішінде Министрлікке қайта қарауға жіберіледі.
Министрлік мақұлдағаннан кейін тұқымдарға арналған субсидиялар көлемін ЖАО қаулысымен жыл сайын бекітіледі және Басқарма субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде және тиісті ЖАО интернет-ресурсында екі жұмыс күні ішінде орналастырады.
Тұқымға арналған субсидиялар көлемі азайған жағдайда, ЖАО Министрлікке тиісті негіздемемен тұқымға арналған субсидиялар көлемін мақұлдауға жібереді. Бұл ретте субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша бюджет қаражатының көлемін қайта бөлу Министрлікпен келісілмейді.
39. Басқарма субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірегей тұқым өндірушілерінің, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының, тұқым өсіру шаруашылықтарының және тұқым өткізушілердің тізбесін орналастырады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-2/266 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11773 болып тіркелген) бекітілген Бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларына сәйкес аттестаттау, қайта аттестаттау туралы куәлік берілгеннен не аттестаттау туралы куәліктің қолданылуы тоқтатылғаннан кейін Басқарма екі жұмыс күні ішінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне тиісті өзгерістер енгізеді.
40. Субсидиялар:
1) элиттұқымшардың нақты сатып алған аудандастырылған және перспективалы сорттардың бірегей тұқымдарына жұмсалған шығындарды ішінара (70 %) өтеуге;
2) тұқымшардың, ауылшартауарөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) нақты сатып алынған элиталық тұқымдарына жұмсалған шығындарын ішінара (70 %) өтеуге;
3) нақты сатып алынған бірінші репродукция тұқымдары және (немесе) екінші репродукция мақта тұқымдары үшін ауылшартауарөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) шығындарын ішінара (50%) өтеуге;
4) нақты сатып алынған бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары үшін ауылшартауарөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) шығындарын ішінара (50%) өтеуге;
5) нақты сатып алынған элиталық көшеттер үшін ауылшартауарөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) шығындарын ішінара (50%) өтеуге арналады.
41. Осы Қағидалардың 40-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген субсидиялар осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нақты сатып алынған бірегей тұқымдарға субсидиялар алуға арналған өтінімді «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы берген жағдайда төленеді.
42. Осы Қағидалардың 40-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген субсидиялар тұқымшар, ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) нақты сатып алынған элиталық тұқымдарға субсидиялар алуға арналған өтінімді «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берген жағдайда төленеді.
Бұл ретте субсидиялар мақтаның элиталық тұқымдарын қоспағанда, дақылдың егіс алаңынан 15 (он бес) пайыздан аспайтын алаңға, картоптың элиталық тұқымдары үшін егіс алаңынан 50 (елу) пайыздан аспайтын алаңға сатып алынған элиталық тұқым көлеміне төленеді.
Элиталық тұқымдарға арналған субсидиялардың қажетті көлемде төленуі қамтамасыз етілген және тиісті қаржы жылында жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлінген жағдайда, субсидиялар дақылдың егіс алаңының 30 (отыз) пайызына дейінгі алаңға төленеді.
43. Осы Қағидалардың 40-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген субсидиялар ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) нақты сатып алынған бірінші репродукция тұқымдарына және (немесе) екінші репродукцияның мақта тұқымдарына субсидиялар алуға арналған өтінімді «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берген жағдайда төленеді.
Бұл ретте субсидиялар мақтаның бірінші және екінші репродукция тұқымдарын қоспағанда, дақылдың егіс алаңынан 20 (жиырма) пайыздан аспайтын алаңға сатып алынған бірінші репродукция тұқымдарының көлеміне, картоптың бірінші репродукция тұқымдары үшін егіс алаңынан 50 (елу) пайыздан аспайтын алаңға сатып алынған тұқым көлеміне төленеді.
Бірінші репродукция тұқымдарына арналған субсидиялардың қажетті көлемде төленуі қамтамасыз етілген және тиісті қаржы жылында жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлінген жағдайда, субсидиялар дақылдың егіс алаңының 40 (қырық) пайызына дейінгі алаңға төленеді.
44. Осы Қағидалардың 40-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген субсидиялар осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауылшартауарөндiрушi (ауылшаркооперативі) нақты сатып алынған жүгерінің, қант қызылшасының, рапстың, күнбағыстың мақтаның және (немесе) құмайдың бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына субсидиялар алуға арналған өтінімді «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы берген жағдайда төленеді.
45. Осы Қағидалардың 40-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген субсидиялар осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауылшартауарөндiрушi (ауылшаркооперативі) нақты сатып алынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттеріне субсидиялар алуға арналған өтінімді «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы берген жағдайда төленеді.
46. Ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) субсидияланатын тұқымдарды шарт негізінде элиттұқымшардан (тұқымшардан, өткізушіден) арзандатылған құнмен сатып алған жағдайда, осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияланатын тұқымдарды арзандатылған құнмен сатып алу кезінде тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтiнiмді «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы береді.
Мұндай жағдайда субсидия элиттұқымшарға (тұқымшарға, өткізушіге) элиттұқымшар (тұқымшар, өткізуші) өтпелі өтінімге күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей осы Қағидалардың 59 және 60-тармақтарына сәйкес нақты өткізілген субсидияланатын тұқымдар туралы мәліметтерді енгізгенде төленеді.
Элиттұқымшар (тұқымшар, өткізуші) өтпелі өтінімге нақты өткізілген субсидияланатын тұқымдар туралы мәліметтерді белгіленген мерзімде енгізбеген жағдайда, ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) өтпелі өтінімді қайта береді.
Элиттұқымшар (тұқымшар, өткізуші) субсидияланатын тұқымдарды басқа облыстың ауылшартауарынөндірушілеріне (ауылшаркооперативіне) өткізген жағдайда, ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) аумағында егіс алаңдары орналасқан облыс басқармасының атына өтінім береді. Бұл ретте субсидиялар аумағында ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) егіс алаңдары орналасқан облыстың жергілікті бюджетінде көзделген қаражат есебінен төленеді.
47. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы мен веб-порталдың ақпараттық өзара іс-қимылы Ақпараттандыру туралы заңның 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
48. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:
1) элиттұқымшардың (тұқымшардың, өткізушінің) және ауылшартауарөндірушінің (ауылшаркооперативінің) берген өтінімі (өтпелі өтінімі) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелуі;
2) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің «Заңды тұлғалар» немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған, элиттұқымшардың, тұқымшардың, өткізушінің және ауылшартауарөндірушінің (ауылшаркооперативінің) жеке шотының болуы;
3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен ЭШФ АЖ-ның ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде элиттұқымшардың, тұқымшардың, ауылшартауарөндiрушiлердің (ауылшаркооперативтерінің) сатып алған субсидияланатын тұқымдарына жұмсалған шығындарының расталуы;
Бұл ретте субсидия алу үшін электрондық шот-фактураларды кері қайтаруға, жоюға және түзетуге жол берілмейді.
Элиттұқымшар, тұқымшар және ауылшартауарөндiрушi (ауылшаркооперативі) субсидияланатын тұқымдарды ЭШФ АЖ қолданбайтын шетелдік тұқым өндірушіден тікелей сатып алған кезде, субсидияланатын тұқымдарды сатып алуға жұмсалған шығындар тауарларға арналған кедендік декларацияның (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден субсидияланатын тұқымдар сатып алған элиттұқымшар, тұқымшар, ауылшартауарөндiрушiлер (ауылшаркооперативі) үшін) мәліметтерімен немесе мемлекеттік кірістер органы берген, тауардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінгенін растайтын құжаттың мәліметтерімен расталады.
4) элиттұқымшарда, тұқымшарда және ауылшартауарөндірушіде (ауылшаркооперативінде) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiмен және «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқорымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған, тиісті алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы.
Жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы туралы талап Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде әрекет ететін ауылшартауарынөндіруші өтінім (өтпелі өтінім) берген жағдайда, осындай жер учаскелері бар бірлескен шаруашылық қызмет туралы шартқа қатысушыға қатысты қолданылады. Бұл ретте бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарттың көшірмесін қоса бере отырып, өтінім (өтпелі өтінім) берген ауылшартауарынөндіруші субсидия алушы болып табылады.
Мүшелеріне жер учаскелері тіркелген ауылшаркооперативі мынадай жағдайларда субсидияға өтінім (өтпелі өтінім) береді:
субсидияланатын тұқымдарды ауылшаркооперативінің мүшелері сатып алғанда, бұл ретте ауылшаркооперативі мүшелері субсидия алушылар болып табылады;
субсидияланатын тұқымдарды ауылшаркооперативі сатып алғанда, бұл ретте ауылшаркооперативі субсидия алушы болып табылады.
Бұл ретте ауылшаркооперативіне мүшелік ауылшаркооперативі мүшелігіне қабылдау туралы ауылшаркооперативі мүшелерінің жалпы жиналысы шешімінен үзіндінің электрондық көшірмелері өтінімге тіркеу жолымен расталады.
Бірлескен кәсіпкерлік түрінде ұйымдасқан, мүшелеріне жер учаскесі тіркелген шаруа немесе фермерлік қожалықтар шаруа немесе фермерлік қожалықтарға тұқымдарды сатып алған жағдайда, субсидияға өтінім (өтпелі өтінім) береді, бұл ретте шаруа немесе фермерлік қожалық субсидия алушы болып табылады.
Шаруа немесе фермерлік қожалыққа мүшелік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректерімен салыстырып тексеру жолымен расталады.
5) жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында элиттұқымшарға, тұқымшарға, ауылшартауарөндірушіге (ауылшаркооперативіне) тиесілі жер учаскелерінің бүкіл егістік алаңына арналған электрондық танап карталарының субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелуі.
49. Осы Қағидалардың 40-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген субсидиялар мынадай формуламен есептеледі:
С = СН х А х Н;
мұнда:
С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;
СН – себу нормасы, бір гектарға тонна;
А – элиттұқымшардың ауыл шаруашылығы дақылының алаңы, гектар;
Н – осы Қағидаларға 15-қосымшада көрсетілген 1 тоннаға арналған субсидиялар нормативі, теңге.
Бұл ретте есептеу үшін нақты сатып алу бағасы не субсидиялар нормативі қолданылады.
Тұқымдардың нақты құны субсидиялар нормативі есептелген құннан төмен болған жағдайда, субсидияларды есептеу осы Қағидалардың 40-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген субсидиялар мөлшерін есепке ала отырып, олардың нақты құнынан жүргізіледі.
Тұқымдардың нақты құны субсидиялар нормативі есептелген құннан жоғары болған жағдайда, субсидия субсидиялар нормативіне тең болады.
50. Осы Қағидалардың 40-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген субсидиялар мақтаның элиталық тұқымдарын қоспағанда, дақылдың егіс алаңынан 15 (он бес) пайыздан аспайтын алаңға, картоптың элиталық тұқымдары үшін егіс алаңынан 50 (елу) пайыздан аспайтын алаңға сатып алынған тұқым көлеміне төленеді және мына формула бойынша есептеледі:
С = (А х Ү) / 100 %) х СН х Н;
мұнда:
С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;
А – тұқымшардың, ауылшартауарөндірушідегі (ауылшаркооперативіндегі) ауыл шаруашылығы дақылының алаңы, гектар;
Ү – субсидиялауға жататын егіс алаңының үлесі, %;
СН – себу нормасы, бір гектарға тонна;
Н – осы Қағидаларға 15-қосымшада көрсетілген 1 тоннаға арналған субсидиялар нормативі, теңге.
Бұл ретте есептеу үшін нақты сатып алу бағасы не субсидиялар нормативі қолданылады.
Тұқымдардың нақты құны субсидиялар нормативі есептелген құннан төмен болған жағдайда, субсидияларды есептеу осы Қағидалардың 40-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген субсидиялар мөлшерін есепке ала отырып, олардың нақты құнынан жүргізіледі.
Тұқымдардың нақты құны субсидиялар нормативі есептелген құннан жоғары болған жағдайда, субсидия субсидиялар нормативіне тең болады.
51. Осы Қағидалардың 40-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген субсидиялар мақтаның бірінші және екінші репродукция тұқымдарын қоспағанда, дақылдың егіс алаңынан 20 (жиырма) пайыздан аспайтын алаңға, картоптың элиталық бірінші және екінші репродукция үшін егіс алаңынан 50 (елу) пайыздан аспайтын алаңға, сатып алынған тұқым көлеміне төленеді және мына формула бойынша есептеледі:
С = (А х Ү) / 100 %) х СН х Н;
мұнда:
С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;
А – ауылшартауарөндірушідегі (ауылшаркооперативіндегі) ауыл шаруашылығы дақылының алаңы, гектар;
Ү – субсидиялауға жататын егіс алаңының үлесі, %;
СН – себу нормасы, бір гектарға тонна;
Н – осы Қағидаларға 15-қосымшада көрсетілген 1 тоннаға арналған субсидиялар нормативі, теңге.
Бұл ретте есептеу үшін нақты сатып алу бағасы не субсидиялар нормативі қолданылады.
Тұқымдардың нақты құны субсидиялар нормативі есептелген құннан төмен болған жағдайда, субсидияларды есептеу осы Қағидалардың 40-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген субсидиялар мөлшерін есепке ала отырып, олардың нақты құнынан жүргізіледі.
Тұқымдардың нақты құны субсидиялар нормативі есептелген құннан жоғары болған жағдайда, субсидия субсидиялар нормативіне тең болады.
52. Осы Қағидалардың 40-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген субсидиялар мынадай формула бойынша есептеледі:
С = СН х А х Н;
мұнда:
С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;
СН – себу нормасы (саны), бір гектарға тонна (егіс бірлігі);
А – ауылшартауарөндірушідегі (ауылшаркооперативіндегі) ауыл шаруашылығы дақылының алаңы, гектар;
Н – осы Қағидаларға 15-қосымшада көрсетілген 1 тоннаға (егіс бірлігіне) арналған субсидиялар нормативі, теңге.
Бұл ретте есептеу үшін нақты сатып алу бағасы не субсидиялар нормативі қолданылады.
Тұқымдардың нақты құны субсидиялар нормативі есептелген құннан төмен болған жағдайда, субсидияларды есептеу осы Қағидалардың 40-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген субсидиялар мөлшерін есепке ала отырып, олардың нақты құнынан жүргізіледі.
Тұқымдардың нақты құны субсидиялар нормативі есептелген құннан жоғары болған жағдайда, субсидия субсидиялар нормативіне тең болады.
53. Осы Қағидалардың 40-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген субсидиялар мынадай формула бойынша есептеледі:
С = ОН х А х Н;
мұнда:
С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;
ОН – отырғызу нормасы (саны), бір гектарға дана;
А – ауылшартауарөндірушідегі (ауылшаркооперативіндегі) ауыл шаруашылығы дақылының алаңы, гектар;
Н – осы Қағидаларға 15-қосымшада көрсетілген 1 данаға арналған субсидиялар нормативі, теңге.
Бұл ретте есептеу үшін нақты сатып алу бағасы не субсидиялар нормативі қолданылады.
Элиталық көшеттердің нақты құны субсидиялар нормативі есептелген құннан төмен болған жағдайда, субсидияларды есептеу осы Қағидалардың 40-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген субсидиялар мөлшерін есепке ала отырып, олардың нақты құнынан жүргізіледі.
Элиталық көшеттердің нақты құны субсидиялар нормативі есептелген құннан жоғары болған жағдайда, субсидия субсидиялар нормативіне тең болады.
54. Өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) қабылдау жер учаскесінің орналасқан орны бойынша тиісті жылдың 1 ақпанынан бастап 1 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады, бұл ретте өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) беру ағымдағы жылдың немесе өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында сатып алынған субсидияланатын тұқымдар бойынша жүзеге асырылады.
2019 жылы пайдаланылған тұқымдар (элиталық көшеттер) үшін субсидия алмаған ауылшартауарөндірушілер (ауылшаркооперативтері) 2020 жылғы 1 наурыздан 1 желтоқсанға дейін өтінім (ауыспалы өтінім) береді.
55. Жеке кабинеттегі тізілім деректеріне қолжетімділік беру үшін:
1) элиттұқымшарда, тұқымшарда, тұқым өткізушілерде, ауылшартауарөндірушілерде, ауылшаркооперативтерінде ЭЦҚ болуы тиіс;
2) Басқарма және Министрлік жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзектендірілген тізімін жібереді.
Министрлікке субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімдік онлайн-режимде өтеусіз негізде беріледі.
56. Жеке кабинетте тіркелу үшін элиттұқымшар, тұқымшар, тұқым өткізушілер, ауылшартауарөндірушілер, ауылшаркооперативтері мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), аты және әкесінің аты (бар болса), тегі;
2) заңды тұлғалар және бiрлескен кәсiпкерлiк нысанындағы дара кәсіпкерлер үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның), заңды тұлғада БСН болмаған жағдайда, шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің БСН-сы, толық атауы, бірінші басшының немесе Жеке кабинетте тіркеуге уәкілетті адамның аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі және ЖСН;
3) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);
4) екінші деңгейдегі банктің немесе ұлттық почта операторының ағымдағы шотының деректемелері.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде, элиттұқымшар, тұқымшар, тұқым өткізуші, ауылшартауарөндіруші, ауылшаркооперативі бір жұмыс күні ішінде Жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.
57. Өтінімді (өтпелі өтінімді) қалыптастыру және тіркеу Жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) осы Қағидалардың 48-тармағы 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен тексеру үшін оған қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім не осы Қағидалардың 48-тармағы 4) және 5) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен тексеру үшін оған қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтпелі өтінім қалыптастырылады;
2) өтінім (өтпелі өтінім) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде элиттұқымшар, тұқымшар, тұқым өткізуші, ауылшартауарөндіруші, ауылшаркооперативі ЭЦҚ-сымен қол қою арқылы тіркеледі және Басқарманың Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Басқарманың электрондық мекенжайына қарауға өтінім (өтпелі өтінім) келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.
58. Егер Басқарма төлем шоттарын қалыптастырған сәтке дейін тіркелген өтінімде деректер сәйкессіздігінің бар екені анықталса, элиттұқымшар, тұқымшар, тұқым өткізуші, ауылшартауарөндіруші, ауылшаркооперативі қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді (өтпелі өтінімді) қайтарып алады.
59. Басқарма өтінім (өтпелі өтінім) тіркелген сәттен бастап бір жұмыс күнi iшiнде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тиісті хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды не теріс шешім шығарады. Бұл ретте, өтінімді растау туралы хабарлама не уәжді бас тарту электрондық құжат нысанында ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі Жеке кабинетіне жіберіледі.
Бұл ретте, өтпелі өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама элиттұқымшардың (тұқымшардың, өткізушінің) Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Элиттұқымшар (тұқымшар, тұқым өткізуші) осы Қағидалардың 48-тармағы 3) тармақшасының талаптарын орындау үшін нақты өткізілген субсидияланатын тұқымдар бойынша мәліметтерді тізілімге енгізеді.
60. Элиттұқымшар (тұқымшар, өткізуші) осы Қағидалардың 46-тармағында бекітілген мерзімде нақты өткізілген субсидияланатын тұқымдар бойынша мәліметтерді өтпелі өтінімге уақытында енгізбеген жағдайда, өтпелі өтінім жойылады. Бұл ретте ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) Жеке кабинетінде өтпелі өтінімді жою туралы ескертпе қол жетімді болады.
61. Басқарма Қаржыландыру жоспарына және тұқымдарға арналған субсидиялар көлеміне сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидия төлеуге арналған төлем шотын екі жұмыс күні ішінде:
осы Қағидалардың 59 және 60-тармақтарына сәйкес Басқарма өтінімді қабылдағанын растағаннан кейін;
элиттұқымшар (тұқымшар, өткізуші) осы Қағидалардың 48-тармағы 3) тармақшасының талаптарына сәйкес нақты өткізілген субсидияланатын тұқымдар бойынша мәліметтерді тізілімге енгізгеннен кейін қалыптастырады.
Бұл ретте, субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама электрондық құжат нысанында элиттұқымшардың, тұқымшардың, ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) Жеке кабинетіне жіберіледі.
62. Тыңайтқыштарды өндірушілер, жеткізушілер және шетелдік өндірушілер және олар өндіретін (өткізетін) өнімдер тізбесін (бұдан әрі – жеткізушілер тізбесі) индустрия және инфрақұрылымдық даму саласындағы уәкiлеттi орган Министрлікке және ЖАО-ға кейінгі жылға ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей және тиісті жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей бередi.
Бұл ретте жеткізушілер тізбесі алынғаннан кейін оны Министрлік үш жұмыс күні ішінде Министрліктің ресми интернет-ресурсында, ЖАО-ның тиісті ресми интернет-ресурсында және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде орналастырады.
63. Тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдері (бұдан әрі – тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемдері) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен Министрлікке мақұлдауға тиісті жылдың 15 қарашасынан кешіктірілмей беріледі. Бұл ретте, тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлерінің тізбесі жеткізушілер тізбесінің негізінде қалыптастырылады.
Бұл ретте, тыңайтқыштардың тиісті түрлеріне қалыптасқан нарықтық бағаларды растайтын құжаттарды, сондай-ақ субсидиялауға жататын тыңайтқыш түрлерінің көлемдері бойынша есептемелерді ЖАО кейінгі жылға ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей Министрлікке береді.
Оң шешім болған жағдайда, Министрлік тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларды, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемдерді тиісті ілеспе хатпен кері қайтарады. Теріс шешім болған жағдайда, Министрлік тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемдерін мақұлдаудан уәжді бас тартуы бар хатпен кері қайтарады. Бұл ретте пысықталған тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемдері бес жұмыс күні ішінде Министрлікке қайта қарауға жолданады.
Министрлік мақұлдағаннан кейін, тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемдері ЖАО-ның қаулысымен жыл сайын бекітіледі. Бұл ретте субсидиялар нормалары қосылған құн салығын есепке алмай белгіленеді.
Тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларына, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемдеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы тармақтың бірінші-төртінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемдерін ЖАО олар азайтылған жағдайда негіздемелермен Министрлікке мақұлдауға жолдайды.
ЖАО тиісті интернет-ресурста және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемдерін мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастырады.
64. Субсидия сатып алынған тыңайтқыштарға (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауылшартауарынөндірушілерге немесе ауылшаркооперативтеріне төленеді.
65. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған жағдайда төленеді:
1) ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған өтінім беруі.
Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) тыңайтқышты шарт негізінде тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзіне тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінім береді.
Мұндай жағдайда, субсидиялар тыңайтқыштарды өндірушіге тыңайтқыштарды өндіруші күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей нақты өткізілген тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді өтпелі өтінімге енгізген жағдайда, осы Қағидалардың 74-тармағына сәйкес төленеді.
Тыңайтқыштарды өндірушілер өтпелі өтінімге нақты өткізілген тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді белгіленген мерзімде енгізбеген жағдайда, ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) өтпелі өтінімді қайта береді.
Бұл ретте, субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде осы Қағидалардың 65-тармағы 1) тармақшасының үшінші және төртінші бөліктерінде белгіленген мерзімдерде тыңайтқыштар өткізілмеген ауылшартауарынөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) тізімі қалыптастырылады.
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы мен веб-порталдың ақпараттық өзара іс-қимылы Ақпараттандыру туралы заңның 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;
2) ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) берген өтінімді (өтпелі өтінімді) тіркеу;
3) ауылшартауарынөндірушіде (ауылшаркооперативінде) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің «Заңды тұлғалар» немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорларымен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған жеке шотының болуы. Бұл ретте өтпелі өтінім үшін субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тыңайтқыштарды өндірушінің жеке шоты болуы қажет.
4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен ЭШФ АЖ-ның өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) сатып алған тыңайтқыштарға жұмсалған шығындарды растау.
Бұл ретте электрондық шот-фактура өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу кезінде (сұратылған электрондық шот-фактура ЭШФ АЖ-дан тыңайтқыштарды сатушыға және ауылшартауарынөндірушіге (ауылшаркооперативіне) мемлекеттік қолдау шарасын алу үшін электрондық шот-фактураны бұғаттау және пайдалану туралы хабарлама жолдай отырып, ЭШФ АЖ-да автоматты түрде бұғатталады) ЭШФ АЖ-дан «сұраным-жауап» режимінде сұратылады.
Субсидия алу үшін пайдаланылған электрондық шот-фактураларды кері қайтарып алуға, жоюға және түзетуге жол берілмейді.
Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) ЭШФ АЖ-ны пайдаланбайтын шетелдік тыңайтқыштарды өндірушіден тыңайтқыштарды тікелей сатып алған кезде, тыңайтқыштарды сатып алуға жұмсалған шығындар тауарларға арналған кедендік декларациядан алынған мәліметтермен (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден тыңайтқыш сатып алған ауылшартауарынөндіруші немесе ауылшаркооперативі үшін) немесе мемлекеттік кірістер органы берген, тауардың Еуразиялық экономикалық одақтан әкелінгенін растайтын құжаттың мәліметтерімен расталады;
5) ауылшартауарынөндірушіде (ауылшаркооперативінде) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен және «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқорымен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған, тиісті алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы.
Жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы туралы талап Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде әрекет ететін ауылшартауарынөндіруші өтінім (өтпелі өтінім) берген жағдайда, осындай жер учаскелері бар бірлескен шаруашылық қызмет туралы шартқа қатысушыға қатысты қолданылады. Бұл ретте бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарттың көшірмесін қоса бере отырып, өтінім (өтпелі өтінім) берген ауылшартауарынөндіруші субсидия алушы болып табылады.
Мүшелеріне жер учаскелері тіркелген ауылшаркооперативі субсидияға өтінім (өтпелі өтінім) береді:
ауылшаркооператив мүшелері тыңайтқыштар сатып алған жағдайда, бұл ретте ауылшаркооператив мүшелері субсидия алушылар болып табылады;
ауылшаркооперативі тыңайтқыштар сатып алған жағдайда, бұл ретте ауылшаркооперативі субсидия алушы болып табылады.
Бұл ретте ауылшаркооперативіте мүшелік ауылшаркооперативі мүшелігіне қабылдау туралы ауылшаркооперативі мүшелігінің жалпы жиналысы шешімінің электрондық үзіндісінің көшірмелері өтінімге тіркелу жолымен расталады.
Бірлескен кәсіпкерлік түрінде ұйымдасқан, мүшелеріне жер учаскесі тіркелген шаруа немесе фермерлік қожалықтар субсидияға өтінім (өтпелі өтінім) береді шаруа немесе фермерлік қожалықтар тыңайтқыштар сатып алған жағдайда, бұл ретте шаруа немесе фермерлік қожалық субсидия алушы болып табылады.
Шаруа немесе фермерлік қожалыққа мүшелік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің деректерімен салыстырып тексеру жолымен расталады;
Лизингтік компанияларға жер пайдалану және (немесе) жеке меншікке беру құқығын көздейтін дайын объектінің лизингі жағдайында ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) лизингтік компаниялар растайтын жер учаскелердің деректемелерін көрсетеді;
6) жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауылшартауарынөндірушіге тиесілі жер учаскелерінің бүкіл егістік алаңына арналған электрондық танап карталары субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелуі;
7) ауылшартауарынөндірушіге жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиесілі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тыңайтылатын алқабына арналған алтыдан кем емес агрохимиялық көрсеткіш (қарашірік, су немесе тұз сүзіндісінің сутегі көрсеткіші (рН), нитраттық, жеңілгидролиздендіргіш немесе сілтілігидролиздендіргіш азот, фосфордың, калий мен күкірттің жылжымалы нысандары) бойынша электрондық агрохимиялық картограмманы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу.
Бұл ретте, ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру кезінде электрондық агрохимиялық картограмманы тіркеу талап етілмейді.
Ескерту. 7) тармақша 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі – осы бұйрықтың 4-тармағымен.
66. Субсидиялар ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) өтінім берген тыңайтқыштардың түрлері мен көлеміне (өтінімдерде көрсетілген егіс алаңына тыңайтқыштарды енгізу нормаларын ескере отырып), тыңайтқыштар тізбесі мен бекітілген субсидиялар нормаларына сүйене отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:
С = Nв х S х Nc, мұнда:
С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;
Nв – субсидияларды есептеу үшін субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде орналастырылған топырақтың агрохимиялық жай-күйін ескере отырып, 1 гектарға тыңайтқыш енгізу нормасы (нақты салмақпен тонна/гектар, килограмм/гектар, литр/гектар);
S – тыңайтқышты қолдану алаңы, гектар (аталған алаң осы ауылшартауарынөндірушіге (ауылшаркооперативіне) жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиесiлi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің алаңынан аспайды);
Nс – тыңайтқышқа арналған субсидиялар нормасы, теңге (осы Қағидалардың 67-тармағына сәйкес айқындалады).
Бұл ретте, тыңайтқыштар енгізудің нормаларынан төмен сатып алған кезде субсидиялар нақты сатып алынған тыңайтқыштар бойынша есептеледі, тыңайтқыштар енгізу нормаларынан асқан жағдайда, белгіленген тыңайтқыштар енгізу нормалары бойынша есептеледі.
67. Тыңайтқыштарға арналған субсидиялар нормалары тыңайтқыштың ең төменгі нарықтық құнының жартысына сәйкес мөлшерде абсолюттік мәнде (теңге) белгіленеді.
68. Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) құны субсидиялар нормасы есептелген тыңайтқыштың құнынан төмен болатын тыңайтқышқа өтінім (өтпелі өтінім) берген жағдайда, субсидияларды есептеу нақты сатып алынған тыңайтқыш құнынан жүргізіледі.
Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) құны субсидиялар нормасы есептелген тыңайтқыштың құнынан жоғары болатын тыңайтқышқа өтінім (өтпелі өтінім) берген жағдайда, субсидиялар ЖАО органы қаулысымен бекітілген субсидиялар нормасы есептелген тыңайтқыш құны бойынша төленеді.
69. Сатушы өткізетін тыңайтқыштар құнына буып-түю, таңбалау бойынша шығыстар, қосылған құн салығы, республиканың тиісті өңіріндегі межелі (босату) пунктке дейінгі көлік шығыстары кіреді.
70. Өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) қабылдау жер учаскесі орналасқан жер бойынша тиісті жылғы 1 ақпаннан бастап 1 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады, бұл ретте өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) беру тыңайтқыштарды сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде жүзеге асырылады.
2019 жылы сатып алынған тыңайтқыштарға өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) қабылдау 2020 жылдың 1 ақпаны мен 1 желтоқсаны аралығында жүзеге асырылады.
71. Жеке кабинетте тізілімнің деректеріне қол жеткізуді ұсыну үшін:
1) ауылшартауарынөндірушілерде (ауылшаркооперативтерінде) және тыңайтқыштарды өндiрушiлерде ЭЦҚ болуы тиіс;
2) Басқарма және Министрлік жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзектендірілген тізімдерін жолдайды.
Министрлікке субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімдік онлайн-режимде өтеусіз негізінде беріледі.
72. Жеке кабинетте тіркелу үшін ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) және тыңайтқыштарды өндiрушi мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер үшін: ЖСН, аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі;
2) заңды тұлғалар және бірлескен кәсіпкерлік нысанындағы дара кәсіпкерлер үшін: БСН, толық атауы; бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН-ы;
3) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);
4) екінші деңгейдегі банктің немесе почтаның ұлттық операторының ағымдағы шотының деректемелері.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгертілген жағдайда, ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) және тыңайтқыштарды өндіруші бір жұмыс күні ішінде Жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.
73. Өтінімді (өтпелі өтінімді) қалыптастыру мен тіркеу Жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізеді:
1) осы Қағидалардың 65-тармағы 4), 5), 6) және 7) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен тексеру үшін оған қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім немесе осы Қағидалардың 65-тармағы 5), 6) және 7) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен тексеру үшін оған қажетті мәліметтер енгізіле отырып өтпелі өтінім қалыптастырылады;
2) өтінім (өтпелі өтінім) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) оған ЭЦҚ-сымен қол қоюы арқылы тіркеледі және Басқарманың Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Басқарманың электрондық мекенжайына қарастыруға өтінімнің (өтпелі өтінімнің) келіп түскені туралы электрондық хабарлама жолданады.
74. Басқарма өтінім (өтпелі өтінім) тіркелген сәттен бастап бір жұмыс күнi iшiнде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып тиісті хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды не теріс шешімді шығарады. Бұл ретте, өтінім расталу туралы хабарлама не осы ұсынудан уәжді бас тарту субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде электрондық құжат нысанында ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) Жеке кабинетіне жіберіледі.
Бұл ретте, өтпелі өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама тыңайтқыштарды өндірушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Тыңайтқыштарды өндіруші осы Қағидалардың 65-тармағы 4) тармақшасының талаптарын орындау үшін нақты өткізілген тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді тізілімге енгізеді.
Тыңайтқыштарды өндіруші өтпелі өтінімге нақты өткізілген тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді осы Қағидалардың 65-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде уақтылы енгізбеген жағдайда, өтпелі өтінім жойылады. Бұл ретте, ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) Жеке кабинетінде өтпелі өтінімнің жойылғаны туралы хабарлама қолжетімді болады.
75. Басқарма тыңайтқыштардың құнын субсидиялау жөніндегі жеке ай сайынғы қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем шотын:
Басқарма осы Қағидалардың 74-тармағына сәйкес өтінімді қабылданғанын растағаннан кейін;
осы Қағидалардың 65-тармағы 4) тармақшасының талаптарына сәйкес тыңайтқыштарды өндіруші нақты өткізілген тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді тізілімге енгізгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде қалыптастырады.
Бұл ретте, субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама электрондық құжат нысанында ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) Жеке кабинетіне жіберіледі.
76. Отандық пестицидтер өндірушілердің тізбесін индустрия және инфрақұрылымдық даму саласындағы уәкілетті орган ЖАО-ға кейінгі жылға ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан және тиісті жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей береді.
Бұл ретте Министрлік отандық пестицидтер өндірушілер тізбесі алынғаннан кейін оны үш жұмыс күні ішінде Министрліктің ресми интернет-ресурсында, ЖАО – тиісті ресми интернет-ресурсында және веб-порталында орналастырады.
ЖАО кейінгі жылға ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан және тиісті жылдың 1 маусымынан кешіктірмей, отандық биоагенттер (энтомофагтар) өндірушілердің тізбесін қалыптастырады және үш жұмыс күні ішінде осы тізбені веб-порталға орналастырады.
ЖАО пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) жеткізушілердің тізбесін ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей веб-порталға орналастырады.
77. Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдаға № 15-02/584 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11913 болып тіркелген) бекітілген Фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну қағидаларына сәйкес фитосанитариялық есептілікті уақтылы және дұрыс ұсыну, сондай-ақ «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Өсімдіктерді қорғау туралы заң) 14-5-бабының 1) тармақшасына сәйкес фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу және саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуына жол бермеу қажет.
Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды (арамшөптер, бидай трипсі, шалғын көбелегі, карадрина және жағалау шыбыны) және аса қауіпті зиянды организмдерге (өңдеу жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын саяқ және үйірлі шегіртке тұқымдастарын қоспағанда) және карантинді объектілерге (таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантинді объектілерді қоспағанда) қарсы өңдеу жүргізу үшін субсидияланатын пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) қолдану бойынша қарсы міндеттемелерді сақтауы қажет.
Бұл ретте, Министрлiктің Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары тарапынан өсімдіктерді қорғау және олардың карантині саласындағы заңнама талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында өсімдіктерді қорғау саласында мемлекеттік бақылау, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүзеге асырылады.
78. Пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофактардың) тізбесі мен субсидиялар нормалары, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері (бұдан әрі – пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемдері) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам қол қойған ілеспе хатпен Министрлікке тиісті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей мақұлдауға ұсынылады.
Бұл ретте пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тиісті түрлеріне қалыптасқан нарықтық бағаларды растайтын құжаттарды (прайс-парақтар, коммерциялық немесе бағалық ұсыныстар), сондай-ақ шығыс нормаларын ескере отырып, субсидиялауға жататын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) түрлерінің көлемдері бойынша есептемелерді ЖАО кейінгі жылға ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей Министрлікке береді.
Оң нәтиже болған кезде, Министрлік пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемдерін тиісті ілеспе хатпен кері қайтарады.Теріс нәтиже болған кезде, Министрлік пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесін мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемдерін мақұлдаудан уәжді бас тартуы бар хатпен кері қайтарады. Бұл ретте пысықталған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормалары, сондай-ақ пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемдері бес жұмыс күні ішінде Министрлікке қайта қарауға жолданады.
Министрлік мақұлдағаннан кейін, пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормалары, сондай-ақ пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемдері ЖАО қаулысымен бекітіледі. Бұл ретте субсидиялар нормалары қосылған құн салығын есепке алмай белгіленеді.
Пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларына, сондай-ақ пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемдеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу Қағидалардың осы тармағының бірінші-төртінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемдерін ЖАО олар азайтылған жағдайда негіздемелермен Министрлікке мақұлдауға жолдайды.
ЖАО тиісті интернет-ресурста және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемдерін мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастырады.
79. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген, субсидиялар нормасын есептеу үшін дақыл (өңделетін объект) және оларды қолдану регламенті туралы ақпаратты ескере отырып, пестицидтердің тізбесі Өсімдіктерді қорғау туралы заңының 6-бабы 9) тармақшасында көзделген тәртіппен бекітілетін Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтердің тізіміне (бұдан әрі – Пестицидтердің тізімі) сәйкес айқындалады.
Аталған тізбені, сондай-ақ қайтадан тіркелген пестицидтер туралы ақпаратты Министрлiктің Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитеті Басқармаға ұсынады.
80. Субсидиялар ауылшартауарынөндірушілерге немесе ауылшаркооперативтеріне саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды (арамшөптер, бидай трипсі, шалғын көбелегі, карадрина және жағалау шыбыны) және аса қауіпті зиянды организмдерге (өңдеу жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын саяқ және үйірлі шегіртке тұқымдастарын қоспағанда) және карантиндік объектілерге (таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантинді объектілерді қоспағанда) қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) жұмсалған шығындарды өтеу үшін төленеді.
81. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған жағдайда төленеді:
1) ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық құны бойынша сатып алынған пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) үшін субсидиялар алуға арналған өтінім беруі.
Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) пестицидтті, биоагенттi (энтомофагты) шарт негізінде пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алған жағдайда, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзіне тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінім береді.
Мұндай жағдайда, субсидиялар пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) өндірушіге пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) өндіруші күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей нақты сатылған пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) жөніндегі мәліметтерді өтпелі өтінімге енгізген жағдайда, осы Қағидалардың 88-тармағына сәйкес төленеді.
Пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтар) өндірушілер өтпелі өтінімге нақты өткізілген пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) жөніндегі мәліметтерді белгіленген мерзімде енгізбеген жағдайда, ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) өтпелі өтінімді қайта береді.
Бұл ретте, субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде осы Қағидалардың 81-тармағы 1) тармақшасының үшінші және төртінші бөліктерінде белгіленген мерзімдерде пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) өткізілмеген ауылшартауарынөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) тізімі қалыптастырылады.
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы мен веб-порталдың ақпараттық өзара іс-қимылы Ақпараттандыру туралы заңның 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;
2) өтінімді (өтпелі өтінімді) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу;
3) ауылшартауарынөндірушіде (ауылшаркооперативінде) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің «Заңды тұлғалар» немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорларымен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған жеке шотының болуы. Бұл ретте өтпелі өтінім үшін субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) өндірушінің жеке шоты болуы қажет;
4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу ақпараттық жүйесінің өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) өткізгенін растау.
Субсидия алу үшін пайдаланылған электрондық шот-фактураларды кері қайтарып алуға, жоюға және түзетуге жол берілмейді.
Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдаланбайтын шетелдік пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) өндірушіден пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) тікелей сатып алған кезде, пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) сатып алуға жұмсалған шығындар жүк кедендік декларацияның мәліметтерін декрациялаумен (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден пестицид, биоагент (энтомофаг) сатып алған ауылшартауарынөндіруші немесе ауылшаркооперативі үшін) немесе мемлекеттік кірістер органы берген, тауардың Еуразиялық экономикалық одақтан әкелінгенін растайтын құжаттың мәліметтерімен расталады;
5) ауылшартауарынөндірушіде (ауылшаркооперативінде) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен және «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқорымен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған, тиісті алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы.
Жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы туралы талап Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде әрекет ететін ауылшартауарынөндіруші өтінім (өтпелі өтінім) берген жағдайда, осындай жер учаскелері бар бірлескен шаруашылық қызмет туралы шартқа қатысушыға қатысты қолданылады. Бұл ретте бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарттың көшірмесін қоса бере отырып, өтінім (өтпелі өтінім) берген ауылшартауарынөндіруші субсидия алушы болып табылады.
Мүшелеріне жер учаскелері тіркелген ауылшаркооперативі субсидияға өтінім (өтпелі өтінім) береді:
ауылшаркооперативі мүшелері пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) сатып алған жағдайда, бұл ретте ауылшаркооперативі мүшелері субсидия алушылар болып табылады;
ауылшаркооперативі пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) сатып алған жағдайда, бұл ретте ауылшаркооперативі субсидия алушы болып табылады.
Бұл ретте ауылшаркооперативіте мүшелік ауылшаркооперативі мүшелігіне қабылдау туралы ауылшаркооперативі мүшелігінің жалпы жиналысы шешімінің электрондық үзіндісінің көшірмелері өтінімге тіркелу жолымен расталады.
Бірлескен кәсіпкерлік түрінде ұйымдасқан, мүшелеріне жер учаскелері тіркелген шаруа немесе фермерлік қожалықтар субсидияға өтінім береді шаруа немесе фермерлік қожалықтар пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) сатып алған жағдайда, бұл ретте шаруа немесе фермерлік қожалық субсидия алушы болып табылады.
Шаруа немесе фермерлік қожалыққа мүшелік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің деректерімен салыстырып тексеру жолымен расталады;
Лизингтік компанияларға жер пайдалану және (немесе) жеке меншікке беру құқығын көздейтін дайын объектінің лизингі жағдайында ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) лизингтік компаниялар растайтын жер учаскелердің деректемелерін көрсетеді;
6) жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауылшартауарынөндірушіге тиесілі жер учаскелерінің бүкіл егістік алаңына арналған электрондық танап карталары субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелуі;
7) ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды (арамшөптер, бидай трипсі, шалғын көбелегі, карадрина және жағалау шыбыны) және аса қауіпті зиянды организмдерге (өңдеу жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын саяқ және үйірлі шегіртке тұқымдастарын қоспағанда) және карантинді объектілерге (таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантинді объектілерді қоспағанда) қарсы өңдеу жүргізу үшін субсидияланатын пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) қолдану бойынша қарсы міндеттемелерді қабылдауы.
82. Субсидиялар ауылшартауарынөндіруші өтінім берген пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) түрлеріне және көлемдеріне сүйене отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:
С = Nр х S х Nc, мұнда
С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;
Nр – пестицидттің 1 гектарға (литр/гектар, килограм/гектар) шығыс нормасы (Пестицидтердің тізімінде көрсетілген қолдану регламентін немесе биоагенттiң (энтомофагтың) 1 гектарға (грамм/гектар, дана/гектар) шығыс нормасын ескере отырып) (веб-порталда орналастырылған ғылыми негізделген қолдану нормаларын ескере отырып);
S – саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды (арамшөптер, бидай трипсі, шалғын көбелегі, карадрина және жағалау шыбыны) және аса қауіпті зиянды организмдерге (өңдеу жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын саяқ және үйірлі шегіртке тұқымдастарын қоспағанда) және карантиндік объектілерге (таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантинді объектілерді қоспағанда) қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтің, биоагенттiң (энтомофагтың) белгілі бір түрін қолдану алаңы (гектар) (осы алаң ауылшартауарынөндірушіге жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиесiлi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің алаңынан аспайды);
Nс – пестицидт, биоагент (энтомофаг) субсидиясының нормасы (осы Қағидалардың 83-тармағына сәйкес айқындалады).
Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) құны субсидиялар нормасы есептелген пестицидттің, биоагенттiң (энтомофагтың) құнынан төмен болатын пестицидке, биоагентке (энтомофагқа) өтінім немесе өтпелі өтінім берген жағдайда, субсидияларды есептеу нақты сатып алынған пестицид, биоагент (энтомофаг) құнынан жүргізіледі.
Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) құны субсидиялар нормасы есептелген пестицидттің, биоагенттiң (энтомофагтың) құнынан жоғары болатын пестицидке, биоагентке (энтомофагқа) өтінім немесе өтпелі өтінім берген жағдайда, субсидиялар бекітілген субсидиялар нормасы есептелген пестицид, биоагент (энтомофаг) құны бойынша төленеді.
83. Пестицидтің (биопрепартты қоспағанда) 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормасы олардың құрамы мен әсер етуші затының (тарының) концентрациясына байланысты абсолютті мәнде (теңге) белгіленеді. Құрамы мен әсер етуші затының (тарының) концентрациясы бойынша тектесі бар пестицид (биопрепартты қоспағанда) үшін 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормасы пестицидтің (биопрепартты қоспағанда) немесе тектестің ең төменгі құнының жартысынан аспайтын мәнді құрайды. Құрамы мен әсер етуші затының (тарының) концентрациясы бойынша тектесі жоқ пестицидтің (биопрепартты қоспағанда) үшін 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормасы тиісті пестицидтің (биопрепартты қоспағанда) ең төменгі құнының жартысынан аспайтын мәнді құрайды.
Сатып алынған биопрепараттардың, биоагенттердің (энтомофагтардың) 1 грамына (данасына, литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормасы абсолюттік мәнде (теңге) тиісті биопрепараттың, биоагенттің (энтомофагтартың) ең төменгі құнының 40 (қырық) пайызынан (қоса алғанда) асырылмай белгіленеді.
84. Өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) қабылдау жер учаскелері орналасқан жер бойынша тиісті жылдың 1 сәуірі мен 1 желтоқсаны аралығында жүзеге асырылады, бұл ретте өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) беру пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде жүзеге асырылады.
2019 жылы сатып алынған гербицидтерге өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 1 наурызы мен 1 желтоқсаны аралығында жүзеге асырылады.
85. Жеке кабинетте тізілімнің деректеріне қол жеткізуді ұсыну үшін:
1) ауылшартауарынөндірушілерде (ауылшаркооперативтерінде) және пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) өндірушілерде ЭЦҚ болуы тиіс;
2) Басқарма жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар өз жұмыскерлерінің өзектендірілген тізімдерін жолдайды.
86. Жеке кабинетте тіркелу үшін ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі), сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) өндіруші мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер үшін: ЖСН, аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі;
2) заңды тұлғалар және бірлескен кәсіпкерлік түрінде дара кәсіпкерлер үшін: БСН, толық атауы; бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса) мен тегі және ЖСН-ны;
3) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтаның мекенжайы);
4) екінші деңгейдегі банктегі банктік шотының деректемелері;
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі), сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) өндiрушi бір жұмыс күні ішінде Жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.
87. Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) өтінімді немесе өтпелі өтінімді қалыптастыру мен тіркеуді Жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізеді:
1) осы Қағидалардың 81-тармағы 4), 5) және 6) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен тексеру үшін оған қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім (не осы Қағидалардың 81-тармағы 5) және 6) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен тексеру үшін оған қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтпелі өтінім) қалыптастырылады;
2) өтінім немесе өтпелі өтінім субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ауылшартауарынөндіруші оған ЭЦҚ-сымен қол қоюы арқылы тіркеледі және Басқарманың Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Веб-порталда көрсетілген Басқарманың электрондық мекенжайына қарастыруға өтінімнің немесе өтпелі өтінімнің келіп түскені туралы электрондық хабарлама жолданады.
Егер Басқарма төлем шоттарын қалыптастырған сәтке дейін тіркелген өтінімде қателердің бар екені анықталған жағдайда, ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алады.
88. Басқарма ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) өтінімді немесе өтпелі өтінімді тіркеген сәттен бастап бір жұмыс күнi iшiнде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тиісті хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды немесе теріс шешім шығарады. Бұл ретте, өтінім расталу туралы хабарлама не осы ұсынудан уәжді бас тарту субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде электрондық құжат нысанында ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) Жеке кабинетіне жіберіледі.
Бұл ретте, өтпелі өтінім бойынша да хабарлама пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) өндірушінің Жеке кабинетінде, ол кейіннен осы Қағидалардың 81-тармағы 4) тармақшасының талаптарын орындау үшін нақты өткізілген пестицид, биоагент (энтомофаг) бойынша мәліметтерді тізілімге енгізу үшін қолжетімді болады.
89. Басқарма Қаржыландыру жоспарына сәйкес «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидия төлеуге арналған төлем шотын екі жұмыс күні ішінде:
осы Қағидалардың 88-тармағына сәйкес басқарма өтінімді қабылдағанын растағаннан кейін;
пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) өндіруші осы Қағидалардың 81-тармағы 4) тармақшасының талаптарына сәйкес нақты өткізілген пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) туралы мәліметтерді тізілімге енгізгеннен кейін субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде қалыптастырады.
Бұл ретте, субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама электрондық құжат нысанында ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) Жеке кабинетіне жіберіледі.
90. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ЖАО басшысының, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдануға болады.
91. ЖАО атына келіп түскен ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің), элиттұқымшардың (тұқымшардың, өткізушінің) шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің), элиттұқымшардың (тұқымшардың, өткізушінің) шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
92. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда, ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі), элиттұқымшар (тұқымшар, өткізуші) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
Өсімдік шаруашылығы өнімінің
шығымдылығы мен сапасын
арттыруды субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | Өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 3 (үш) жұмыс күні. Өтпелі өтінім берілген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету тоқтатылатұрады және отандық тыңайтқыштарды өндіруші өтпелі өтінімге күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, нақты өткізілген тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді енгізгеннен кейін қайта басталады. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Субсидияның аударылғаны туралы хабарлама не осы осы мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан уәжді бас тарту. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама электрондық құжат нысанында жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «жеке кабинетіне» жолданады. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Жұмыс кестесі | 1) Қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. 2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі | Көрсетілетін қызметті алушы порталға толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидия алуға арналған өтінімді немесе тыңайтқышты отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алған жағдайда, тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінімді электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынады. Өтінімнің (өтпелі өтінімнің) қабылданғанын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы тиісті мәртебе растайды. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер | 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) осы Қағидаларда белгіленген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі. |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» және бірыңғай байланыс орталығынан алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: 1) тиісті қызметті берушінің интернет-ресурсында; 2) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырылған. |
Керекті затты мәлімдесеңіз - біздің мамандарымыз Сізге бір сағаттың ішінде қоңырау соғады
Агромарт. Барлық құқықтар қорғалған. 2022 ©